Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қоян өсіретін ШОБ кәсіпкерлігі жаңа экономикалық жағдайда өндіріс көлемін ұлғайтуда (ФОТО)

Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамыту әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бөлігі болып есептеледі. Мемлекеттік бағдарламалар ұсынып отырған мүмкіндіктер, өндірістік тауарларға деген әлемдік сұраныстың өсуі агробизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Оның ішінде «KazAgro-2015» - ауыл шаруашылығы мен астық өнеркәсібі, «KazFarm-2015» - мал шаруашылығы мен ет өндірісі, отандық және шетелдік өндірушілерге өз кәсібін ашуға мүмкіндік береді.
Алматы 26 Қараша, 14:32

Осы жылы қызықты жобалардың бірі «Жасыл Фазенда» көрмесі болды, ол Алматы облысында қоян өсірумен айналысатын шаруашылық. Оның қызметі туралы бізге «Жасыл Фазенда» ЖШС директоры Наталья Расторопнова айтып берді.

- Наталья, қайырлы күн! Қазақстанда қоян өсіруге айрықша мән беріп отыр. Қазақстандықтардың ас мәзірінен қоян ету көру өте сирек кездеседі. Шаруашылықтың осы түрін игеруге не әсер етті?

- Алматы тұрғындарының басты проблемасы – бұл аллергия. Бұл іске отбасымызбен душар болдық: біздің баламызға аллерголог дәрігер өте қатаң диета жазып берді. Бізге тек қоян етін қолдану ғана рұқсат етілді. Біз одан әрі оның құрамын зерттей бастадық. Аталмыш ет түрі – аз калорийлі, диеталық. Барлығы осыдан басталды.

- Қазақстандықтар қоян етін қаншалықты сатып алады?

-Бүгінгі таңдағы басты проблема – қоян етін қолдану мәдениеті. Бұл біз үшін үйреншікті емес, еуропалықтар үшін ол күнделікті ас. Мәселен, Еуропа, Түркия, Қытай, Ресей, Украинада бұл мәдени тағам. Біздің басты мақсатымыз – елдің тұрғындарына өнімнің пайдасын жеткізу. Ол үшін біз аллергологтар мен диетологтар, Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрлігімен ынтымақтастық жүргізудеміз.

- С какого количества поголовья начинался Ваш бизнес?

- Мы начали с 65 кроликов маток. Сейчас их больше тысячи, мы учитываем, что поголовье всегда обновляется, и ведутся забои. На следующий год мы переходим на промышленное кролиководство, где годовой оборот поголовья будет составлять 160 тыс голов.

- Қояндар ерекше күтімді қажет ете ме?

- Қояндар өте сезімтал, таза және қорқақ жануар. Оған тек2-3 адам қарай алады. Олар бөтен иісті бірден таниды. Біз арнайы қоректі пайдаланамыз, олар отандық кәсіпорындарда дайындалады. Шетелден қорек жеткізбейміз, өзіміздің өнім минералды тыңайтқыштармен қамтылған. Атап өтсек, бидай, ешмен, арпа, жүргері бар.

- Өнім қалай сатылады?

-Қазіргі таңда біз Алматы және Астана қалаларында өнімді сатып жүрміз. Кәсіпорын экспортқа бейімді болып келеді. Қазір Ресей мен Түркиядан сұраныс бар. Қазір өзіміз басқаратын қоян өсірушілер қауымдастығын ұйымдастырудамыз. Қауымдастықтың маңызы біз өз компаниямыздың атынан емес, шағын шаруашылықтар үшін де жауап береміз.

- Жаңа экономикалық жағдайда бизнесті дамытқан қиын ба?

- Бұл қалыпты экономикалық жағдай. Дағдарыс – қиындық болса, өзгелер үшін мүмкіндік. Ауыл шаруашылығы – ешқашан асып-тасыған сала емес. Шығын мәселесі – маркетингтің жолы. Кейбіреуі шығынды азайтып, өндірісті ұлғайтса, кейбіреуі бағаны түсіреді. Әркім өз жолын таңдайды. Сапалы өнім қашан да сұранысқа ие.

- Алдағы жылға жоспарыңыз қандай?

- Қазір ферма бойынша жұмыс жасаудамыз. Өндірістік желі бойынша үрдіс басталды. Бұл өте ауқымды жұмыс болғандықтан, оны жүзеге асыру және алғашқы жарты жылдықта іске қосып, өнім сату. Біз қоян етін ғана емес, сондай-ақ, терісін де сатуды жоспарлаудамыз.

- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика