Адами капитал

Республикадағы балалар үйлерінде және интернаттарда «Ризашылық – Балалар игілігі үшін жақсылық!» атты қайырымдылық акциясы өтеді

Қазақстандағы барлық балалар үйлерінде және интернаттарда 26 қарашада «Ризашылық – Балалар игілігі үшін жақсылық!» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Мереке дәстүрлі болды: алғаш 2009 жылы «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызының бастамасымен өтті, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Казахстан26 Қараша , 16:37

Бұл күні демеушілер мен меценаттар балаларға және балалар үйлеріне сыйлықтар береді: музыкалық және ойын жабдықтар, тұрмыстық техникалар, тренажерлар және көптеген басқаларын. «Ризашылық – Балалар игілігі үшін жақсылық!» республикалық қайырымдылық акцияға әрбір тілек білдіруші қатыса алады.

Сонымен мерекенің бағдарламасында соғыс және еңбек ардагерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының, аналар, әкелер кеңесінің мүшелерімен, қызықты тұлғалармен, әртүрлі қызмет түрлерінде: саясатта, ғылымда, мәдениетте, өнерде, спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен кездесуді ұйымдастыру және өткізу жоспарланған. Балалар этномәдени орталықтарға, тарихи-өлкетану мұражайларына, театрларға, көрме залдарына, кітапханаларға барады. Мерекелік концерттер, балалар шығармашылық жұмыстарының көрмелері, музыкалық және спорттық жарыстар өткізіледі.

Акция мерекелік балалар ересектерге өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын сыйға тарта отырып, кешкі аспен аяқталады.




Яндекс.Метрика