Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақмола облысында жылына 10 тонна өнім өндіру жоспарлануда

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Қазақстандағы алтын өндірісі саласын белсенді дамыту мәселесі шешілуде. Келер жылдан бастап алтын өндіру саласын барынша дамытқымыз келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы Мәжіт Тұрмағамбетов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 12:34

«Қазіргі уақытта тау-кен металлургия кешені Қазақстан экономикасының барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамушы секторларының бірі болып табылады. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Қазақстандағы алтын өндірісі саласын белсенді дамыту мәселесі шешілуде. Келер жылдан бастап алтын өндіру саласын барынша дамытқымыз келеді. Ең төменгі көздеген белесіміз – бір жылда кем дегенде жылына 10 тонна алтын және 3 тонна тазартылған күміс өндіруді көздеп отырмыз», - деді М.Тұрмаxанов.

Оның айтуынша, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2022 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес көптеген нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2022 жылға дейін көптеген нәтижелерге қол жеткізу жоспарда бар. Болашақта жүргізілітен геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде қорлардың, оның ішінде – мыс – 3241мың тонна, қорғасын – 2200 мың тонна, алтын – 44,7 тонна, күміс – 210 тонна шығару күтілуде. Сондай-ақ, кен орындарында, кен-байыту комбинаттарында және құрылыс алаңдарында 5 мыңнан астам өндірістік жұмыс орындары құрылатын болады деп жоспарлануда», - деді басқарма төрағасы. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика