Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қызылорда облысында 2016 жылы тау-кен байыту фабрикасы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Қазақстандағы алтын өндірісі саласын белсенді дамыту мәселесі шешілуде. Келер жылдан бастап алтын өндіру саласын барынша дамытқымыз келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы Мәжіт Тұрмағамбетов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 12:03

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында келер жылдан бастап кен байыту фабрикасы салынатын болады.

"Бүгінде компанияның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасайтын 4 жоба қарастырылған. Оның бірі Қызылордадағы "Шалқия" кен орны. Осынау кен орын бүгінде елдің 30 пайыз ресурсын құрайтын Қазақстандағы аса ірі белгілі мырыш кен орын болып табылады.Бұл жобаны жүзеге асыру аясында 2018 жылға дейін жылдық қуатпен 2 млн тоннаға дейін,ал 2021 жылға дейін жылдық қуаты 4 млн дейін жететін кен орны мен тау-байыту фабрикасын соғу жоспарланған. Тау-байыту фабрикасын соғу барысында 956 жұмыс орны, ал кейін оны пайдалануға бергенде 1540 жұмыс орны пайда болады", - деді ол өз сөзінде.




Яндекс.Метрика