Өңірлер

Алматы облысында 5 кластерлік аймақ дамытылмақ

Алматы облысында 5 кластерлік аймақ дамытылады, деді Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева.
Алматы26 Қараша , 17:58

 «Алматы облысында 5 кластерлік аймақ анықталған. Алдағы уақытта облыс Талғар-Есік, Қапшағай, Қарадала, Райымбек, Алакөл-Жетісу және Шығыс-Балқаш аймақтарында туристік кластерді дамытатын болады», - деп атап өтті өз сөзінде Ж. Алчимбаева.

Оның айтуынша, негізгі міндет отандық туризмді дамыту болғандықтан, саяхатшылар мен туристерге барлық ыңғайлы жағдайлар жасалып, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. 2020 жылға дейін облыста туризм саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша, атап айтқанда ішкі және сыртқы туризм бойынша қызмет көрсетілген азаматтар санын 20 %, ал кірмелі туризм бойынша 18 % арттыру жоспары бар. 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда бір тәуліктегі жататын орындар саны 9% өседі деп болжануда.




Яндекс.Метрика