Адами капитал

Н.Радостовец: Тау-кен-металлургия саласында жұмыс орындары қысқармайды

Тау-кен-металлургия саласында жұмыс орындары қысқармайды, деді ОКҚ-да Тау-кен өндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 11:29

«Тау-кен-металлургия саласында бағаның арзандығына қарамастан жұмыс орындарын қысқарту  көзделіп отырған жоқ. Еңбек ұжымдарын нығайту, жалақы мәселесі, әлеуметтік кепілдік мәселелері қарастырылады.  Егер де бағаның төмендеуі жалғаса берсе, әрбір кәсіпорында дағдарысқа қарсы бағдарлама болады, адамдар жөндеу жұмыстары мен қосыша жұмыстарға жұмылдырылады», - деді Н.Радостовец.

Айта кетейік, Тау-кен өндіруші және металлургиялыққауымдастық 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда ол республиканың ірі кәсіпорны болып саналады. Оның құрамына 90 компания енеді.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика