Халықаралық интеграция

Қатардың жоғары лауазымды өкілі Азық-түлік Қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымының Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясына қатысады

Қатардың жоғары лауазымды өкілі Азық-түлік Қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымының Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясына қатысады, деп хабарлады СІМ.
Әлемде 26 Қараша, 11:49

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Асқар Шоқыбаев Қатардың Қоршаған ортаны қорғау министрі Ахмад Амир Мұхаммед Әл-Хумейдимен кездесіп, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымының Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясы және азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылық дамуы жөніндегі ИЫҰ министрлерінің 7-ші конференциясын 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Астанада өткізуге жоспарланып отырғандығын хабарлап, бұл ұйымның офисын  Астанада ашу туралы Қазақстан бастамасы мен Қатардың жақын уақытта бұл ұйымға қосылуы маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінен А. Әл-Хумейди аталған іс-шараға қатысатындығын, Қазақстанмен ауыл шаруашылық және қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытатындығын мәлім етті.

Сонымен қатар, А. Әл-Хумейди өзінің Астанаға сапары барысында Қазақстан мен Қатар арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға ниетін білдірді.

А. Шоқыбаев қатарлық министрдің бұл ұсынысын толықтай қолдайтындығын білдіріп, аталған құжат жобасын келістіре бастауды ұсынды.

 





Яндекс.Метрика