Қалаларға шоғырлану

Астанада бизнес кеңестердің алғашқы жинағы таныстырылды

Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында «Bolashak business cases» бизнес кеңестердің алғашқы жинағы таныстырылд. Аталмыш жинақ алғаш рет шығаралып отыр. «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 11:19

«Мұнда отандық компаниялардың нақты теориясы мен практикалық нәтижелері жинақталған. Әр студент не бизнесін жаңадан бастаушы бизнес-кейстерді пайдалану арқылы өзіне қажетті ақпаратқа қол жеткізеді. Жинақта нақты мысалдық оқиғалар болғандықтан, білім алушылар бизнестегі нақты мәселелер туралы, оны шешу тәсілдерін және оқиғаларды моделдеуге мүмкіндік беретін, ойын нысанында түйінді мәселелерді шешу жолдары және олардың өзара байланыстары туралы жалпы білім ала алады. Жинақ 1000-нан аса таралыммен шықты», - деді ол.

Сондай-ақ, ол жинаққа енгізілген кейстерде стратегиялық жоспарлау, қаржылық жобалау, еңбек өнімділігін арттыру және инвестициялық қорды басқару және тағы да басқа мәселелерден тұратын отандық бизнес қызметтерімен байланысты мәселелер қамтылғанын атап өтті.

Сонымен бірге, жиынға қатысқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев: «Болашақ» түлектерінің идеясы бұл. Бүгінгі күні болашақтықтар әлемнің озық тәжірибелерін еліміздің дамуына пайдалануда. Елбасымыздың оларды шетелдің жетекші оқу орындарына жіберудегі мақсаты да осы еді. Бұл кітап еліміздің дамуы үшін өте маңызды. Мұнда 20 жылдан бері даму жолында келе жатқан қазақстандық бизнес саласына талдау жасалып көрсетілген. Студенттерге университет қабырғасында жүріп-ақ отандық компаниялардың тәжірибесін көріп, үйренуге үлкен мүмкіндік бұл», - деді ол.




Яндекс.Метрика