«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Сарыағаштықтар 110 млрд теңгенің өнімін өндірді

Оның 19 млрд. теңгеден астамы өнеркәсіп өнімі болса, 53 млрд. теңгеге жуығы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген.
Южно-Казахстанская область26 Қараша , 13:04

Сарыағаш ауданында жергілікті экономиканың өсуіне айтарлықтай үлес қосып жатқан 24 637 шағын және орта бизнес өкілі бар. Олардан бюджетке 732,6 млн. теңгенің салығы түскен, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған шағын және орта кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беру мақсатында ауданда 7 несие серіктестігі мен шағын несие ұйымдары және ауыл шаруашылығы қолдау қоры арқылы 9104 адамға 5 млрд. теңгеден астам несие берілген.

 

 




Яндекс.Метрика