Адами капитал

Н.Коржова: Қаржы министрлігінің біліктілік жұмысын қызметкер әйелдердің 60 пайызы қамтып отыр

Қаржы министрлігінде жұмыскерлердің 60 пайызын әйелдер құрайды, деді ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Наталья Коржова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 15:34

«Қазақстанның барлық әйелдерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Олар қазір жұмыстарын қорытындылап, болашаққа жоспар құруда. Қазір басымдықта олардың 20 жылдағы жасаған жұмыстары емес, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан тапсырмалары маңыздырақ», - деді Н.Коржова.

Жауапты хатшының айтуынша, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның баяндамалары біз қол жеткізетін  нақты көреткіштер мен мақсаттар бар екенін көрсетті.

 «Алдыңнан жаңа көкжиектердің ашылуы өте тамаша мүмкіндік», - деді ол.

«Қаржы министрлігінде жұмыскерлердің 60 пайызы әйелдер. Мен біздің салада әйелдер жоғары білікті маман екеніне мақтанамын. Мен қаржы саласында әйелдердің жұмысын бағалаймын», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада екінші күн Әйелдердің IV  Еуразиялық  саммиті өтуде, оған 500 әйел қатысуда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика