Адами капитал

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда бизнесті дамыту саласында әйелдер мен еркектерге бірдей жағдай жасалған

ЖБИ мәліметінше, Қазақстанда бизнесті ашуда әйелдер мен еркектерге бірдей жағдай жасалған. Бәсекелестіктің жаһандық индексі бойынша Қазақстан бизнесті дамыту бойынша еркектер мен әйелдерге бірдей жағдай жасау бағытына сәйкес 50 елдің қатарына енді, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті қорытындысы бойынша «Астана Операда» өткен гала-концертте.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 11:03

«Бұл залда бүгін 500 әйел жиналып отыр. Біз осыған дейінгі саммитті де еске алып отырмыз, ол кезде  адам саны әлдеқайда аз болатын. Бұл кәсіпкер әйелдердің қатары жыл санап өсіп келе жатқанын көрсетеді», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемхатшы атап өткендей, Қазақстанда ол үшін барлық жағдай жасалған. «Жақында бәсекелестікке қабілет бойынша әлем елдерінің рейтингі жарияланды, Қазақстан еркектер мен әйелдерге бірдей жағдай жасау бағытына сәйкес 50 елдің қатарына енді. Біз рейтинг қуалап жүрген жоқпыз, бірақ бұл көрсеткіш одан әрі дамуға дем береді», - деді ол.

Айта кетейік, 2015 жылдың  30 қыркүйегінде ДЭФ-та 2015-2016 жылдарға арналған бәсекелестікке қабілеттілік бойынша рейтинг жариялады. ТМД елдері бойынша рейтингте Әзірбайжан көш бастады, Қазақстан (42 орын) Ресейді 3 пунктіге басып озды. Бұл рейтингке қатысудағы Қазақстанның ең үздік көрсеткіші.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика