ҚР ИИДМБ

Қызылордада тұрғын үй комбинаты салынуда

«РМЗ-Шапағат» ЖШС Қызылорда қаласының оңтүстік өнеркәсіптік аймағында темір-бетон бұйымдарын шығаратын тұрғын үй құрылысы комбинатын салуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда26 Қараша , 15:03

Облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, құрылыс барысында 52 адам еңбекке тартылған. Ал комбинат іске қосылғаннан кейін 68 адамға жұмыс табылады. Қажетті технологиялық құрылғылар немістің «Weiler» компаниясынан сатып алынған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының 96%-ы аяқталған. Нысан алдағы айда қолданысқа беріледі деп күтілуде. 




Яндекс.Метрика