Мәдениетті жаңғырту

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның іскер әйелдері бизнеспен қатар қайырымдылық істі алып жүреді

Бұл жерде тек жұмыс істеп қана қоймай, қайырымдылық көмек көрсететін бизнес – woman-дар жиналған. Осы қызмет үшін алғысымды білдіремін, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті барысында.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 09:58

«Бүгін біз сіздермен Елбасының бастамасымен салынған  Астана Опера театрында кездесеміз. Мен Қазақстанның барлық өңірлерінен, шетелден жиналған  қонақтар мен саммит қатысушыларын қарсы алғым келеді. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық, бүгін, әлемдік экономикалық дағдарыс, әр түрлі елдерде ЖІӨ-нің құлауы, әр түрлі соғыстар мен лаңкестік туралы көп айтылды. Бұл жағдайда қатігездік пен дауды тек бейбітшілік және қайырымдылық арқылы жеңуге болады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы  атап өткендей, «Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуде Қазақстанның іскер әйелдері тарихты зерттеп, әйелдердің елдің тарихындағы орнын меңгерді. Тарихта әйелдердің үнемі  бейбітшілік пен бірлікке шақырғандығы айтылады».

«Бұл жерде тек жұмыс істеп қана қоймай, қайырымдылық көмек көрсететін бизнес – woman-дар жиналған. Осы қызмет үшін алғысымды білдіремін», - деді Г.Әбдіқалықова.

Сондай-ақ, ол ҚР-ның Баден-Вюрттемберг федералды жеріндегі  (Германия) құрметті консул Доротею Халлер-Лайблеге алғысын білдірді, ол Қазақстанның талантты балаларына қайырымдылық көмек көрсеткен болатын.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика