Мәдениетті жаңғырту

Сыртқы істер министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған кітап көрмесі ашылды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 10:14

Көрмеге Қазақстан Республикасы елшіліктерінің шетелде әртүрлі уақыт аралығында көптеген әлем тілдерінде басып шығарылған кітаптары, журналдары мен фотоматериалдары қойылды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың – қытай, араб, ағылшын, неміс, француз, испан, моңғол тілдеріндегі, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тілдеріндегі еңбектері.

Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысының еңбектері әлемнің 59 елінде 41 шетел тілде жарияланды.

Экспозицияның едәуір бөлігі Қазақстанға, Ұлт көшбасшысына, 
сондай-ақ оның еліміздің қалыптасуы және дамуындағы рөлі мен маңызына арналған. Осы жылы Ресей және Ұлыбританияда жарияланған кітаптар, оның ішінде «Созидатель: Нурсултан Назарбаев. Взгляд из России» (кітапқа алдыңғы қатарлы ресейлік публицистердің, шолушылардың, халықаралық тілшілердің очерктері, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ірі саясаткерлердің сөздері мен ойлары енген), «По ком звенит ядерный колокол?» (жаһандық ядролық қауіпсіздік саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары туралы кітап), «Leadership Perspectives» 
(ҚР Президентінің халықаралық саясат, институционалдық реформалар, Қазақстанның жаңғыруы және экономикалық дамуы жөніндегі өзекті проблемалары туралы сөздері мен баяндамаларының жинағы) және «Бітімгер» (Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған біздің Мемлекет басшымыздың қарқынды қызметінің тікелей куәгері болған  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Нұрлан Онжановтың кітабы) ерекше қызығушылық туғызады.

3 желтоқсанға дейін жұмыс жасайтын көрмеге барлығы 200 кітап қойылған.

 

 




Яндекс.Метрика