Халықаралық интеграция

ИЫҰ мүше елдер сауда-экономикалық, ынтымақтастық туралы бас келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Стамбул қаласында (Түркия) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша тұрақты комитетінің 31-отырысына қатысты, деп хабарлады ҰЭМ.
Әлемде26 Қараша , 09:11

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша тұрақты комитетінің 31-отырысы (КОМСЕК) Түркия Президенті Реджеп Эрдоган мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Ийяд Маданидың төрағалығымен өтті.

КОМСЕК Министрлер сессиясының қорытындысы бойынша Ерболат Досаев Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге қол қойды. Бас келісім Ислам Ынтымақтастығы Ұйымға (ИЫҰ) мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын реттейтін басты құжаттардың бірі.

Ерболат Досаев: «Қазақстанның келісімге қосылуы ИЫҰ елдерімен тығыз әріптестік қатынастарды дамытуға серпініс береді, исламдық қаржы және экономикалық институттармен ынтымақтастықты белсендетеді, Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі», - деп айтты.

Сондай-ақ, отырыстың қатысушылары Азық-түлік қауіпсіздігі  және ауыл шаруашылық бойынша ИЫҰ Министрлері Конференциясының 7 сессиясымен бірге Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының Бас Ассамблеясының І сессиясына дайындығын талқылады. Алдын ала мәліметтер бойынша оның өткізілуі Астанада 2016 жылғы сәуір айына жоспарланған.

Қазақстан Үкіметі  және  Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының отырысы шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының отырысы құқықтық статусы туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы құрамына 57 мұсылман мемлекеті кіретін ірі халықаралық ұйым болып табылады.

Жыл сайын өткізілетін КОМСЕК отырыстары ИЫҰ кеңістігінде сауданы дамыту, өнеркәсіпті, көлікті, туризм және ауыл шаруашылығын қолдау бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылатын сұхбат алаңы болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының жарғысына 23 ел қол қойған (Джибути, Судан, Сомали, Комор аралдарының Одағы, Палестина, Мавритания, Уганда, Буркина-Фасо, Сьерра-Леоне, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Биссау, Мали, Нигер, Афганистан, Иран, Түркия, Суринаме, Қазақстан, Ливия Араб Республикасы, Бірікке Араб Әмірлігі, Бенин Республикасы, Сауд Арабия Корольдігі).




Яндекс.Метрика