Адами капитал

Әскери теңізшілер қысқы пайдалану режіміне көшті (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінде техника мен қару-жарақты қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жөніндегі жоспарлы іс-шаралар өтуде. Қазақстан Республикасының барлық аумағында температураның төмендеуімен Каспий теңізінің қазақстандық секторының су айдынында да температура төмендеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 26 Қараша, 08:53

 Каспий теңізінің солтүстік бөлігі қысқа уақытта қатып қалады және онда навигация тоқтатылады. Осыған байланысты, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі «Жайық» гидрографиялық кемесімен буйлар мен межелерді -  жүзбелі сақтандырғыш белгілерді  алып тастау бойынша ұйымдастыру іс-шараларын өткізді.

Межелер мен буйлар қауіпті, теңіз арналарын, фарватерлерді, ұсынылған бағыттарды, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақытта теңізде жекелеген навигациялық қауіптерді тікелей қоршауға алу үшін арналған. Буй мен меженің пайдаланылу кезеңі теңіз мұз буйларын есептемегенде навигацияның ашылуынан бастап оның жабылуына дейін екенін атап өтейік.

Олардың пайдаланылу кезеңі – жыл бойы. Одан басқа, аталған буйлар мен межелер Орал қаласындағы «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ отандық кәсіпорнында дайындалғанын айта кету қажет. Каспийде алдағы қысқы кезеңге Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік корабльдерін де дайындап қойғанын естеріңізге сала кетейік. Корабльдерді қысқы отынға көшірді, олар үшін жанар-жағармай материалдары әзірленіп те қойылды.  Экипаждар қысқы киім-кешек алды, қысқы арнайы киімнің жаңа костюмдері мен үлгілері сынамадан өтті.  


 





Яндекс.Метрика