«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Астананың индустриалды паркінде жеңіл өнеркәсіп саласында 500 жаңа жұмыс орны ашылды

Елордалық индустриалды аймақтың жеңіл өнеркәсіп саласында 500 жаңа жұмыс орны құрылды, деді Әйелдердің IV) Еуразиялық саммиті аясындағы «Нұрлы жол-жаңа мүмкіндіктер» конференциясы барысында «ПИК Ютария ltd» ЖШС компаниялар тобының директоры Сәуле Шәуенова.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 17:25

«Бүгінгі форум біз пікір алмасып қана қоймай, барлық қажетті ақпаратты қаперімізге алуға арналған алаң. Жеңіл өнеркәсіп болып қана қоймай, қарқынды дамуы тиіс, ол қазіргі таңда 500 жаңа жұмыс орнын ұсынып отыр», - деді ол.

Бизнесвумен айтып өткендей, жалпы, жеңіл өнеркәсіпке мұнай немесе машина жасау саласындағы сияқты  қыруар  ақша керек емес, бірінші кезекте жеңіл өнеркәсіпте жұмыс орындарының ашылуы.

С.Шәуенова айтып өткендей, «ПИК Ютария ltd» өндірістік компаниясы 2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысуышысы болып есептеледі.

«Бүгінде 700 адам қызмет істеуде, 4 жыл ішінде біз үшінші жобамызды сәтті жүзеге асырдық, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына ие болдық», – деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика