2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

А.Сағынғали: Өз саласында көшбасшы болу - уақыт талабы

ҚР Тұңғыш Президенті Музейі әзірлеген курстар өскелең ұрпақты белсенді қоғамдық көзқарасы бар азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған, деді ҚР Тұңғыш Президент Музейінің директоры Алма Сағынғали.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 16:54

«Өз саласында көшбасшы болу  - уақыт талабы. ҚР Тұңғыш Президенті Музейі әзірлеген курстар өскелең ұрпақты белсенді қоғамдық көзқарасы бар азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған. 6 жыл бойы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың көшбасшылық феноменіне зерттеу жүргізіліп келеді. Біз көшбасшылық қасиетті қалыптастыратын курстарды әзірледік», - деді ол.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Мектеп жасындағы баланың рухани-адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Бүгінгі жиында Елордадағы 50 мектептің 10 сынып оқушылары өздерінің лидер болу үшін қандай қасиет керек деген ойларын ортаға салып өнерлерін көрсететін болады.

Айта кетейік, конференция жұмысында отандық ғылымда лидерлік қасиеттің отбасы, мектеп және басқа да әлеуметтік интституттарда қалыптасу тәжірибесі зерделенген мәселелер талқыланып, ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің зерттеу жұмысының нәтижелері таныстырылады. 




Яндекс.Метрика