Парламент

Сенат 2015-2017 жылдарға арналған бюджетке енген өзгертулерді қабылдады

Сенаттың жалпы отырысында «ҚР 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енген өзгертулерді қабылдады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 16:23

Әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, тауар нарықтарында жағдайдың қазақстандық экономика салаларына әсер етуіне байланысты осы жылдың 10 айында Үкімет 2015 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылады.

«Биыл мұнайға деген әлемдік бағаның төмендігі сақталып отыр. Қаңтар-қазан айының орташа бағасы барреліне  54 долларды құрады, 23 қарашаға сәйкес, «Brent» маркалы мұнайының бағасы барреліне 44 долларға дейін түсті. Металдарға деген баға 2014 жылға қарағанда 19,8 пайызға төмендейді деп қарастырылуда. Ұлттық банктің теңгенің еркін айналымына шығуына байланысты қараша-желтоқсанда доллар бағамы 300 теңге. 2015 жылға арналған болжам бойынша 185-тен 220 теңгені құраған болатын», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.

Вице-министр атап өткендей, ЖІӨ деңгейі 1,5 пайыздан 1,2 пайызға төмендеді. Инфляция деңгейі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға көтерілді.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика