Парламент

Сенат 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті бір АҚШ долларына 300 теңге деңгейінде мақұлдады

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен өткен отырыста сенаторлар "ҚР Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын бірауыздан мақұлдады.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 15:59

Заң жобасы ҚР Бюджет кодексінің 24-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген. Сондықтан да талқыланған құжатта Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекітуді көздейді.

«АҚШ долларының есептелу бағамы бір АҚШ долларына 300 теңге болған ретте кепілдендірілген трансферттің белгіленген мөлшері 15 пайызға ұлғайтылмайтын үш жылдық бюджетті жобалау параметрлерін қайта қарау жөніндегі Мемлекет басшысы мақұлдаған тәсілді ескере отырып, еліміздің Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2 400 млрд теңге көлемінде айқындалды», - деді Марат Құсайынов.

Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау бюджетті тұрақты кіріс көзімен қамтамасыз етуге, республикалық бюджеттің шығыстарын толық көлемде қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайтындығын ескерген сенаторлар аталған заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Сонымен қатар, Үкіметтің 2016 - 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының базалық сценарийі бойынша мұнайдың әлемдік бағасы 2016 жылы бір баррельге 40 доллары деңгейінде болады деп болжанады. 2018 - 2020 жылдары баға бір баррельге 50 АҚШ долларына дейін өседі.

«2016 жылы бюджет кірістері 3 триллион 655 миллиард теңгені құрайды, бұл 2017 жылы - 3 триллион 867 миллиард теңгені, 2018 жылы - 4 триллион 195 миллиард теңгеге тең болады», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономиканың өсімін және Инфрақұрылымды дамыту жоспарын іске асыруды қолдау үшін Ұлттық қордан 2016 жылы 567,0 млрд. теңге, 2017 жылы 900,0 млрд. теңге нысаналы трансферт тартылды.

Анара Таныркулова

 




Яндекс.Метрика