Евразиялық одақ

ЕЭК ұжымы ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдері нарығын қалыптастыру тұжырымдама жобасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) электр қуатының, газдың, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы мәселелер талқыланды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қараша , 18:32

Форумның шеңберінде өткізілген Халықаралық «Энергия нарықтарын трансформациялау және Ресейдің әлемдік энергия балансындағы ролі» конгрессінің пленарлық сессиясында сөз сөйлегенде, Тайыр Мансұров 2014 жылдың 29 мамырында Ресейдің, Қазақстан мен Беларусьтің мемлекет басшылары ЕЭО туралы Шартқа қол қойғандарын еске салды. 2015 жылы оған Армения мен Қырғызстан қосылды.

ЕЭО бастапқы энергия ресурстарының кең ауқымды қорларын иеленіп отыр және де қуатты отын-энергетикалық кешені бар. «Қазіргі заманда энергия ресурстарымен қамсыздандырылғандық, оларды өндіру көлемдері мен сыртқы сауда-саттық геосаясаттың негізгі факторларының бірі болып табылып отырғандығын, – ЕЭК Министрі атап айтты. – Ең ірі әлемдік державалардың арасында энергия ресурстарын игеруге, оларды экспорттауға және жаңа бағдарлар бойынша тасымалдау мүмкіншілігі үшін бәсекелестік артып келеді». 

Тайыр Мансұровтың айтуынша, ЕЭО энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттары – Одақтың бірыңғай энергетикалық кеңістігін құру және үйлестірілген энергетикалық саясатты жүргізу. Соларды іске асыру үшін мынадай мәселелер шешілуде: ЕЭО бәсекеге қабілетті ортақ нарықтарын біртіндеп құру; энергия ресурстарын тасымалдау жүйелеріне кемсітілмейтін қолжетімділікті қамтамасыз ету;үйлестірілген энергетикалық саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ететін механизмдерді әзірлеу және іске қосу;Одақ елдеріне энергия ресурстарының өзара қолжетімділігіндегі тосқауылдарды жою.

Бірыңғай технологиялық негізі бар дамыған коммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру кезінде қазіргі заманғы технологиялық талаптар мен бар сұранысты есепке ала отырып, экономикалық тұрғыдан негізделген энергетикалық байланыстарды тиімді дамытуға мүмкіндік береді.

ЕЭК Министрі энергия ресурстарының ортақ нарықтарын қалыптастыру мақсатымен 2015 жылы өткізілген жұмыстардың нәтижелерін жалпылап айтты. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың Тұжырымдамасын мемлекет басшылары 8 мамырда бекітті, қазір 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданатын тиісті бағдарламаны әзірлеу ісі жүргізілуде. Қазанда ЕЭК Кеңесі бірінші вице-премьерлердің деңгейінде ЕЭО шеңберінде газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) баланстарын қалыптастырудың әдістемесі туралы Келісім қабылдады. Газдың ортақ нарығын және мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың тұжырымдамалары жобаларын әзірлеу жұмысы аяқталып қалды. ЕЭО туралы Шартқа сәйкес ортақ электр энергетикалық нарық 2019 жылдың 1 шілдесіне қарай, газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары–2025 жылдың 1 қаңтарына қарай іске қосылады.

Тайыр Мансұров ЕЭО өз жұмысында көбіне ЕО тәжірибесіне сүйенеді, себебі энергетика мәселелері Еуроодақ бастамашыларының оны құрудағы ең шешуші факторларының бірі болды: 1951 жылы – Еуропалық көмір мен болаттың бірлестігі, 1957 жылы - Еуропалық экономикалық қоғамдастық пен Еуроатом. «Біз ЕО-ң энергетика саласындағы жағымды және жағымсыз тәжірибелерін, соның ішінде Еуропалық энергетикалық одақты құрудағы жоспарларын мұқият зерттеп, талдап келеміз, – деді ЕЭК Министрі. – Себебі біз ЕО-мен өзара тиімді ынтымақтастық шарттарында іс жүзінде тәжірибелік өзара әрекеттестікке бағыт алдық».

ОЭК үнемі күрделеніп бара жатқан технологияларды талап етеді, әрі жыл сайын газ бен мұнай ғылымды қажетсінетін болып барады. Инновациялар және солардан болатын эффект геометриялық прогрессияда артып барады. Энергия тасымалдағыштарды сарқылмайтын әрі баламалы қуат көздеріне қарай әртараптандыру күтіледі. «Сондықтан ЕЭО елдері үшін стратегиялық мақсаттар -  түрлі энергия ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалану және алуан-түрлі энергия тасымалдағыштар мен энергия қондырғыларына деген артып келе жатқан сұранысты барынша қанағаттандыру», – деп қорытындылады Тайыр Мансұров. 

 




Яндекс.Метрика