Мәдениетті жаңғырту

ҚР Тұңғыш Президент Музейінде оқушыларды көшбасшылық қасиетке үйретуде

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көшбасшы болу – уақыт талабы» тақырыбында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Тұңғыш Президенті музейінің директорының орынбасары Ботагөз Қаипова айтты.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 16:38

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Мектеп жасындағы баланың рухани-адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.

«Бүгінгі жиында Елордадағы 50 мектептің 10 сынып оқушылары өздерінің лидер болу үшін қандай қасиет керек деген ойларын ортаға салып өнерлерін көрсететін болады. Бұл жастардың ойын білуге және патриот болып өсуге ықпалы етері сөзсіз. Егер біз шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз»,-деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, конференция жұмысында отандық ғылымда лидерлік қасиеттің отбасы, мектеп және басқа да әлеуметтік интституттарда қалыптасу тәжірибесі зерделенген мәселелер талқыланып, ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің зерттеу жұмысының нәтижелері таныстырылады. 

 




Яндекс.Метрика