Үкімет

К.Мәсімов: ҚР Үкіметі дағдарысқа қарсы 2 бағдарламаны қабылдауды жоспарлауда

ҚР Үкіметі дағдарысқа қарсы 2 бағдарламаны қабылдауды жоспарлауда, деді Парламент Сенатының жалпы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 15:41

«Президенттің тапсырмасымен  мемлекет алдындағы  зейнеткерлер мен аз қорғалған халық  деңгейіне деген  әлеуметтік жауапкершілік бюджетте қарастырылатын болады», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр атап өткендей,  бюджетке енген өзгертулер мақұлданған жағдайда  2015 жылдың 8 желтоқсанында өтетін  Үкіметтің кеңейтілген отырысында   2 дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданады.

«Бірінші бағдарлама – жақын арадағы 3 жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама. Демек, біз осыған дейінгі болған бағдарламалардың барлығы, яғни 2014, 2015 жылдардағын біріктіреміз. Бұл жақын арадағы 3 жылға арналған бірыңғай дағдарысқа қарсы жоспар.Екінші бағдарлама- жұмыспен қамту. Қазір сәйкес министрліктер бағдарламаны дайындауда. 2008-2009 жылдары дағдарыстағы жағдайды ескере отырып, біз оны осы кезде қолдана аламыз», - деді ол.

Қорытындысында К.Мәсімов ел 3 бағыт бойынша қозғалатынын айтып өтті: бірінші – жаңа экономикалық саясат; екінші – реформаларды жалғастыру; үшінші – барлық жоспарлар түсінікті болуы тиіс.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика