Адами капитал

Г.Әбдіқалықова «Бизнестегі әйелдер – 20 қазақстандық бренд» көрмесінде болды (ФОТО)

Астанадағы Әйелдердің IV еуразиялық саммиті аясында «Бизнестегі әйелдер – 20 қазақстандық бренд» көрмесі өтті.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 15:33

Саммиттің жалпы отырысы соңында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның кәсіпкер әйелдері өндірген ең үздік тауарлар қойылған «Бизнестегі әйелдер – 20 қазақстандық бренд» атты республикалық көрмені салтанатты түрде ашты. Көрме қорытындысында түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова әйелдердің өз бизнесін қалай бастағаны туралы ақпарат алып, жетістіктерімен  танысты.

Мемлекеттік хатшы форумға қатысушылар назарын әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытудың маңыздылығына аударды.

«Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңгеден астам қаржылық жәрдем жасады, Азия даму банкі 2011 жылдан бері 412 кәсіпкер әйелдің жобасын қаржыландырды,  Еуропаның қайта құру және даму банкі жалпы құны 41 миллион АҚШ доллары болатын несие бөлді», - деді Мемхатшы.

Айта кетейік, Астана қаласында өтіп жатқан Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған Әйелдердің IV еуразиялық саммитіне 500-ден аса нәзік жанды қатысып жатыр. Олардың 400-ден астамы еліміздің әр өңірінен келіп отыр.

 





Яндекс.Метрика