Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазпочта АҚШ интернет-дүкенінен тауарға тапсырыс беруге жол ашатын қызметті іске қосты

«Қазпочта» АҚ кез келген АҚШ интернет-дүкенінен тауарға тапсырыс беруге жол ашатын қызметті іске қосқанын хабарлайды, деп хабарлады компания.
Казахстан25 Қараша , 20:09

Қазақстанда АҚШ интернет-дүкендерінің тауарларына сұраныс жылдан жылға өсуде. Бірақ дүкендердің көбі (Amazon, eBay, Victoria's Secret) кейбір тауарларын Қазақстанға жеткізбейді. Қазпочта Қазақстанның электронды сауда нарығының тікелей қатысушысы болғандықтан қызметін іске қосты. Бұл қызмет арқылы қазақстандықтар АҚШ-тан виртуалды мекенжайды алып, сол мекенжай арқылы Қазақстанға тауарларын жеткізе алады.

«Алдымызда «Black Friday», АҚШ дүкендерінің барлығында үлкен жеңілдіктер болады, ал арнайы порталы сол жеңілдіктермен қолдану үшін өте қолайлы. Енді АҚШ-тан тауарды қабылдау үшін кедендік брокерді жалдап, әуежайдан күтіп алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, егер тапсырыс берген тауардық құны айына 1000 еуродан аспаса, онда клиент салықтан босатылады» - деп Байрам Азизов, «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі түсіндірді.

www.vpost.kz порталында тіркелген соң, клиенттің электронды поштасына хат келіп, бірінші тауардың жеткізіліміне 15% жеңілдік беріледі.

Порталдың бетінде жеткізу бағасын санайтын калькулятор, белгілі интернет-дүкендерге сілтемелер және онлайн-шопингқа арналған кеңестер жазылған.

Портал тест режимінде қызмет атқарады. Қазақстан бойынша жеткізу түрін таңдау, консалидация және басқа да мүмкіндіктер келесі жылдың басынан қолжетімді болады. 

 




Яндекс.Метрика