ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО жастары мемлекеттік тілді дамытуға шақырды (ФОТО)

«Бір Отан, бір тіл - Тәуелсіз Қазақстан» атты VІ облыстық форумында қазақ тілін еркін меңгерген әр ұлт өкілдерінің жастары құрбы-құрдастарын қазақ тілінің дамуына үлес қосуға шақырды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 25 Қараша, 20:43

Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік аясында өтіп отырған шараға облыстық басқармалардың, ЖОО-ның басшылары, ҮЕҰ, этномәдени ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумға қатысушыларды ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, шараның белсенді мүшелерін марапаттады.

«Бүгінгі форумға мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, оны қоғамдық өмірде, қызметте қолданып жүрген этнос жастары қатысып отырғаны қуанарлық жай. Сіздердің мемлекеттік тілдің мерейін асырып, мәртебесін көтерудегі істеріңіз басқа жастарға үлгі болатынына сенімдімін», – деді Жақсылық Омар.

Форумға қатысушылардың бірі, Риддер қаласындағы ШҚО поляк мәдени орталығының жетекшісі Максим Санников бір жыл ішінде қазақ тілін еркін меңгере отырып, қазақ-поляк сөздігін құраған.

Шара қорытындысы бойынша, қазақ тілін еркін меңгерген әр ұлт өкілдерінің жастары құрбы-құрдастарын қазақ тілінің дамуына үлес қосуға шақырды.

 

 





Яндекс.Метрика