Инвестициялар

Азия даму банкі мен Ақтөбе өңірі ынтымақтастығын дамытпақ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джинлин Янгпен кездесті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе25 Қараша , 19:54

Аймақ басшысы Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігі жұмыс жасай бастағаннан бері біздің еліміз банктен экономиканың түрлі салалары үшін 3,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз алғанын атап өтті. 

Кездесу аясында тараптар аталмыш банктің жалпы сомасы 15,2 миллиард теңгені құрайтын сумен жабдықтау, тұрғын үй және жол құрылысы сияқты секторлардағы Ақтөбе облысымен ынтымақтастығының болашағын талқылады. 

Өкілдік директоры ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдірді.

 

 




Яндекс.Метрика