Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Тәжікстан теміржол әкімшіліктері серіктестікті дамытуға уағдаласты

Душанбеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Тәжікстанның «Рохи охани Точикистон» (Тәжік темір жолы) мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының бастығы Комил Мирзоалимен кездесті, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде25 Қараша , 19:23

 Кездесу барысында тараптар екі жақты өзара серіктестіктің барысына тоқталды. Олар алдағы уақытта саланы жаңғырту мен локомотив паркін толықтыру жайын талқылады.

Тәжік теміржолының бастығы К. Мирзоали темір жол машинасын жасау саласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ымен өзара серіктестік аясын кеңітуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Тараптар таяу арада қысқа мерзімде «Локомотив құрастыру зауытының өнімін ТЭ 33А Evolution магистральдық тепловоздарын «Рохи охани Точикистон»МУК жеткізу  туралы келісімге қол қоюға уағдаласты.

Оның сыртында тәжік тарабы қазақстандық өнім өндірушілерден жүк вагондары мен рельс арқалықтарын алуға да тапсырыс беруге мүдделілік танытып отыр.

Кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ оқу орталығы базасында тепловоз машинистері оқыту жайы бойынша бірлескен бағдарлама әзірлеу барысын талқылады.

Сондай-ақ, автокөлікпен тасымалданып келген жеміс –жидектерді темір жол көлігімен тасымалдау мәселесі де қарастырылды.       

 




Яндекс.Метрика