Білім беру

Жалағаш ауданында балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылады

Жалағашта 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу міндеттемесі орындалды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда25 Қараша , 19:38

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдегендей, «Балапан» бағдарламасы аясында 2015 жылға 1 135 орынға 218 млн. 648 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде мұнда мектепке дейінгі 36 білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Соның 10-ы – мемлекеттік, 12-сі – жеке, ал 14-і – мектептер жанындағы шағын орталық. Барлығында 1 930 бала тәрбиеленуде немесе бұл – 100 пайыз. 

" Алдағы уақытта Жалағаш кентінде, Еңбек, Аламесек ауылдарында тағы да балабақшалар ашылады", - дейді аудан әкімі. 

 

 




Яндекс.Метрика