Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Ұлттық музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған фотокөрме өтті (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін танытқан – Елбасы» атты фотокөрме ашылды.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 15:02

Аталмыш көрме тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағы. 

«Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін танытқан Елбасы» атты фотокөрменің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткені белгілі. Сол кезең тәуелсіз Қазақстан үшін сындарлы әрі тағдырлы болды. Себебі сол кезде егемен еліміздің даму жолы айқындалды. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қауымдастыққа өркениетті, құқықты, демократиялық мемлекет ретінде танылып отыр. Осы жолдағы барлық бастамалар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі», - деді фотокөрмеде Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай.

Көрмеде Ұлт көшбасшысының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның   қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері сонымен қатар Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.

«Біз жуырда ғана Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өттік. 550 жыл ішінде бізді талай басшылар басқарды. Сіздер білесіздер, хандық билік мұрагерлік арқылы жалғасып келді. Ал Кеңестер одағы тұсында бізді басқарушылар Мәскеу арқылы шешіліп отырды. Ал біз тарихта бірінші рет 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президентін сайладық. Халық өз президентін аңсап келгені соншалық, 98 пайыз дауыс берді. Біздің Тәуелсіздік тарихымыз осы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президентті сайлаудан басталады», - деді жиында қоғам қайраткері Ғарифолла Есім.

 

 

 





Яндекс.Метрика