Халықаралық интеграция

Қазақстан экономикасы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері Израиль Кнессетінде талқыланды

Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшісі Дулат Қуанышев ИзраильКнессетінің (Парламент) Спикері Йоэл Эдельштейнмен кездесті, деп хабарлады СІМ.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 14:32

Кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелері, екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы ерекше аталып өтті.

Д. Қуанышев Кнессет спикерін Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, елдің Орталық Азияда қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық өзара іс-қимыл мен диалогқа деген көзқарасы мен басымдықтары туралы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген реформалар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары мен Қазақстанның басқа да бастамалары туралы хабардар етті.

Әңгіме барысында Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық мәселелері талқыланды. Екі елдің бизнес-құрылымдарының өзара іс-қимыл жасауы туралы айта отырып, Израиль спикері даму үшін үлкен әлеует пен жақсы мүмкіндіктердің бар екені туралы атап өтті.

Й. Эдельштейн Израильдің Қазақстанмен жылы достық қарым-қатынастарды сақтап қалуға жоғары мүдделілік танытатынын айтып, оның өңірдегі ерекше әсерін атап көрсетті. Ол Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөліне және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Кнессет Спикері әртүрлі тарихи кезеңдерде еврейлерге көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан халқына ілтипат білдірді. Ол Израильдің көптеген отбасыларында Қазақстанмен байланыстыратын жеке бір оқиғалары бар екенін, бұны олар әрдайым құрметпен есте сақтайтындықтарын айтты.

 

 




Яндекс.Метрика