Білім беру

Қазақстанда Назарбаев стипендиясына 10 үміткер іріктеліп алынды

Қазақстанда Назарбаев стипендиясына 10 үміткер іріктеліп алынды, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Казахстан25 Қараша , 17:42

2015 жылы конкурсқа 46 магистранттың құжаттары ұсынылды. Ережеге және Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Назарбаев стипендиясына үлгерімі жоғары, ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын және қоғамдық қызметті атқаратын 10 кандидатура іріктелді.

Білім және ғылым Министрлігінің Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 шілдедегі №481 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, қазақстандық кәсіптік білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен алдыңғы қатарлы профессорлары, мәдениет қайраткерлері, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының және Қазақстан жастары конгресінің атқарушы хатшылары құрамынан тұратын конкурстық комиссия құрылды. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 470 өкімімен жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стипендиясын (Назарбаев стипендиясы) тағайындау ережесіне сәйкес стипендия екінші оқу жылының 10 магистрантына тағайындалады.

Назарбаев стипендиясын тағайындауға кандидатураларды жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі ұсынады.

2011 жылы конкурсқа –  14 магистрант, 2012 жылы – 28, 2013  жылы – 50, 2014 жылы – 39 магистрант құжаттарын ұсынды.




Яндекс.Метрика