Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанадағы ғарыш күндерін өткізуге ғарыш саласының 350 маманы қатысады

2015 жылғы 27 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын (ҚР ДЖСНЖ ЖИ) қолдану мүмкіндіктеріне және жұмысының алғашқы нәтижелеріне арналған «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары өтеді, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 14:47

Қазақстанның астанасында үшінші рет өтетін осы іс-шараға Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, оларды өңдеу құралдарының әлемдік өнім берушілері, сондай-ақ геоақпараттық жүйелер мен ЖҚЗ деректерін әзірлеушілері және пайдаланушылары келеді.

Семинарды ұйымдастырулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш), «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ («ҚҒС ҰК» АҚ) болып табылады.

Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша семинарға қатысуын 350-ден астам қазақстандық және Франция, Германия, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидерланд, Жапония, Канада, Египет, Оңтүстік Африка, Корея, Қытай, Иран, Ресей, Украина және Белоруссия шетелдік мамандары растады.

ҚР ЖҚЗ ҒЖ және ҚР ДЖСНЖ ЖИ ұлттық операторы болып табылатын «ҚҒС ҰК» АҚ қызметкерлері жаңа ғарыштық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөліседі. Қазақстан экономикасының салалық міндеттерін шешу үшін ҚР ЖҚЗ ҒЖ қолданудың өзіндік бағдарламасын ұсынады, ҚР ДЖСНЖ ЖИ және қазіргі геоақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері туралы айтып береді.

Семинар қатысушыларын Қазақстан Республикасы Инвестициялар жене даму министрлігінің, Қазғарыштың басшылары, сондай-ақ семинардың «платина» және «алтын» демеушілері болған «Airbus Defence and Space» француз компаниясының, «IABG» неміс компаниясының, «SSTL» ағылшын компаниясының өкілдері құттықтайды.

«Осы жылы «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары демеушілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті, бұл қазақстандық ғарыш тақырыбының танымалдығын дәлелдейді», – деп атап өтті іс-шараны ұйымдастыру комитетінде.

Халықаралық семинардың жұмысы еліміздің экономикасының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігінің түрлі салаларында ЖҚЗ мен ДЖСНЖ деректерін қолдануға арналған төрт секцияда өтетін болады.

Осы тақырыптағы мастер кластарды әлемдік аты бар ЖҚЗ деректерінің өнім берушілері болып табылатын компанияның өкілдері жүргізеді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика