Дене шынықтыру мен спортты дамыту

И.Ильин мен С.Сәпиев Президентке «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күштерін жұмсаймыз деп уәде берді

Олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Серік Сәпиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерлерін жұмсаймыз деген уәделерін жеткізді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

И.Ильиннің айтуынша, Елбасы өз Жолдауында Қазақстан жастарына ерекше көңіл бөлгендіктен, Стратегияның әр тармағын мұқият зерттеу керек.

«Жастарға осынша сенім артқаны үшін Елбасына зор алғысымды білдіремін. Мен алға сеніммен қадам баса отырып, Елбасымен бірге жаңа жеңістерге, Стратегияда айтылған мақсаттарға ұмтылатын боламын», - дейді әлемді аузына қаратқан ауыр атлет. 
Сонымен қатар Олимпиада чемпионы елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағыты мерзімінен бұрын орындалады деген сенімін жеткізді.

«Біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындағанымызды ескерсек, күш-жігері тасыған жастардың арқасында, мықты мемлекетіміздің арқасында «Қазақстан-2050» стратегиясын да барынша тез игереміз», - дейді И.Ильин.
Лондон Олимпиадасында ел намысын қолдан бермей, алтын медаль алып келгендердің бірі Серік Сәпиев те Елбасының үмітін ақтауға барын салып, тер төкпек ойда екен.

«Президент жастар мәселесіне көп назар бөлгені маған қатты ұнады. Сондықтан біз Елбасының үмітін ақтау үшін тек алға қарай беттейміз», - деді Олимпиада чемпионы.

«Мен Елбасының саясатын алдағы уақытта да насихаттап, отандастарымды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Жас спортшыларға үнемі қолдау көрсететінім анық, себебі, мен ешқашан спорттан кетпеймін», - деді Серік Сәпиев.




Дерекнама

Яндекс.Метрика