Парламент

Мәжілісте рұқсат беру қағаздарын қысқарту заң жобасы таныстырылды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «ҚР Рұқсат беру құжаттары мен рұқсат беру процедураларын қысқарту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасын Парламент Мәжілісіне таныстырды.
Нұр-Сұлтан24 Қараша , 17:09

Осы заңның аясында 7 кодекс пен ҚР-ның 30 заңына өзгертулер енеді.

«Заң жобасы 152 рұқсат қағазын қысқартуды көздейді, бұл - шамамен барлық рұқсат құжаттарының 39 пайызы. Заң жобасының қабылдануы бизнеске салынатын салмақты азайтуға, мемлекеттік органдардың артық функцияларын алып тастауға, елдегі кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге үлкен серпін бермек», - дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Заң жобасы жасақталып жатқанда, елде рұқсат қағаздарының саны 481 болған.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика