Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Алматы облысының кәсіпорындары мемлекеттік қолдау аясында 3 мың жаңа жұмыс орнын ашты

Алматы облысының 330 аса компаниясы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысып, 110,0 млрд. теңге сома мөлшерінде несие алды, деп хабарлады «Даму» қоры.
Алматы24 Қараша , 20:21

Бұл 11 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтауға және қосымша 3,5 мың жаңа жұмыс орындары ашуға мүмкіндік берді.

«Ecoculture» ЖШС компаниясының басшысы Салтанат Әбілова: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу, бізге бизнесті ілгерілетуге мүмкіндік берді. Біз сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидия алдық. Жылыжай кешенінде жоғары сапалы 13 түрлі раушан гүлін өсіріп жатырмыз. Онда 45 адам жұмыс істейді», - дейді.

Жылыжай кешені 2013 жылы Қарасай ауданында салынып, іске қосылды. Голландияның элиталық сыныптағы раушан гүлдері жаңа ғасырдағы жоғары технологиялық жылыжай кешенінде өсіріліп келеді. Жылыжай раушан гүлдердің жыл бойы өсіп, кесуілуіне қолайлы жасанды климат пен оңтайлы жағдай жасауға арналған голландтық заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Жаңа агроәдістері бар заманауи технологияны қолдану арқылы – раушандардың бүрі жоғары сапаға жетіп, өскелең, ауырмайтын және қауашағы ашылған соң ұзақ уақыт тұратын болады. Ал несие алғаннан кейін компания жылыжайды 1 гектарға кеңейтуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде раушандарды Алматы қаласы мен Алматы облысына ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларына жеткізетін серіктестік желі ұлғайды.




Яндекс.Метрика