Инвестициялар

JBic пен АДБ Азия аумағында инфрақұрылымдарды дамытуға 110 млрд долл инвестициялауда

Халықаралық ынтымақтастыққа арналған жапониялық JBic банкі мен Азия даму банкі Азия аумағында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 110 млрд долл бөлді, деп хабарлады Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов Үкіметтің селекторлық отырысында.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 20:06

«Бүгін біз жапониялық компаниялдардың тарпынан үлкен қызғушылық көріп отырмыз. Жапония Үкіметі Jbic арқылы 110 млрд доллардан астам қаржы бөлді – бұл халықаралық ынтымақтастыққа арналған жапониялық банк  Азия даму банкімен бірген.  Олар қаржыны жалпы Азия үшін, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бөліп отыр. Қазақстан қаржыны игеруге атсалыса алады. Бұл ретте біздің ұлттық компаниялар ниет білдіру қажет», - деп атап өтті Ғ. Тасмағанбетов.

Сонымен қатар, Ғ. Тасмағанбетов атап өткендей, JBic қазақстандық тараптан Қазақстан даму банкі қатысып отырған жобаларға атсалысуға дайын. 




Яндекс.Метрика