Ауыл әкімдерін сайлау

Ақтөбе облысында әкімдікке үміткерлерден құжат қабылдау аяқталды

Ақтөбе облысында ауылдық округтер мен ауылдар және аудандық маңызға ие қала әкімдерін сайлауға қатысуға тілек білдірген үміткерлерден құжат қабылдау ісі соңына жетті. Енді сайлау комиссясыүміткерлердің барлығын тексеріп шықпақ.
Ақтөбе12 Шілде , 00:00

Заң бойынша, олар әкімдікке өз табыстары жайында декларация өткізуі тиіс. Ал жалпы, облыс бойынша 149 әкімді сайлау керек. Науқанның өзі 7 тамызға жоспарланған. Нәтижесі де дәл сол күні шықпақ. Сайланған әкімдер төрт жыл бойына жұмыс істейтін болады.

«Бізде бүгінгі таңда 378 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Орта есеппен әр орынға 2-3 адамнан таласатын болады. Қазір сайлау комиссиясының өкілдері олардың құжаттарын тексеріп жатыр» деді Ақтөбе облысы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева.




Яндекс.Метрика