Президент тапсырмаларының орындалуы

ҚР-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 1 қазанға дейін өңірлерде бюджеттің 94 пайызы игерілді

2013 жылы жалға берілетін пәтерлердің құрылысына мақсатты трансферт үшін 17,5 млрд теңге қаралған. 1 қазанға дейін өңірлерге кестеге сай 13,8 млрд теңге аударылып, соның 12,9 млрд теңгесі игерілген. Жалпы өңірлер бөлінген қаражатты игеруде, деп хабарлайды Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан05 Қараша , 16:45

«Жас отбасыларына жалға берілетін үйлердің құрылысына облыс әкімдіктері мен Астана және Алматы қалалары әкімдіктері тарапынан биыл мақсатты трансфертке 10 млрд теңге қаралған. 1 қазанға дейін 8,2 млрд теңге бөлініп, соның 7,2 млрд теңгесі игерілді. Бәсең игерілген облыс Маңғыстау бөлінген 500 млн теңгенің 232,3 млн теңгесін игермеген. Маңғыстау облыстың әкімдіктің берген ақпаратына сүйенсек, қалған қаражат жыл соңына дейін пайдаланылмақ», - делінген хабарламада.

Сонымен несиелік тұрғын үй құрылысына биыл 30,1 млрд теңге қаралып отыр. 1 қазанға дейін өңірлерге 20 млрд теңге аударылған. Соның 16,3 млрд теңгесі игерілген. Ал Маңғыстау облысына бөлінген қаражаттың мұрты бұзылмаған күйі тұр.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика