Инвестициялар

Өскеменде «Алтай Агро Инвест-2015» халықаралық инвестфорумы өтеді

Өскеменде «Алтай Агро Инвест-2015» халықаралық инвестфорумы өтеді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан19 Қараша , 17:26

Форумға қатысу үшін облыстық орталыққа Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Украина мен Польшаның институттары мен бизнесмендер жиналады. Әлеуетті инвесторларға 15 бағыт бойынша 52 жоба ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алтай Агро Инвест-2015» форумы 10 желтоқсаннан бастап Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігін таныстыру мақсатында өтеді. Бұл шараны ұйымдастыруды облыс әкімі Даниал Ахметов тапсырған болатын.

Форумда делегаттарға ҚР-ның агроөндіріс саласындағы инвестициялық ахуалы бойынша ақпарат беріледі.

Әлеуетті инвесторларға ет комбинатын салу, тауарлы сүт фирмаларының құрылысы, сүт өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобалары ұсынылады. Жалпы 15 бағыттағы 52 жоба бар.




Яндекс.Метрика