EXPO-2017

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелері жөнінде мәжіліс өткізді

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелері жөніндегі мәжіліс өтті.
Казахстан10 Қаңтар , 00:00

Мәжілісте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда  «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Мәжіліске қатысушылар «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтың Ұлттық жоспарының негізгі бағыттарын талқылады.  Атап айтқанда, көрменің Тіркеу  құжаттамасының жобасын әзірлеу, Халықаралық көрме бюросымен өзара әрекеттестік, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация құру және оның жұмысын жолға қою мәселелері қарастырылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.




Яндекс.Метрика