Президент тапсырмаларының орындалуы

Ақмола облысында Канада мен АҚШ-тан әкелінген асыл тұқымды мал саны артуда

Ақкөл ауданының «SК «FOOD» ЖШС-де 3000 және 2400 бас ірі қараға арналған қора салу жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола05 Қараша , 09:43

«SК «FOOD» ЖШС мал бағудың еуропалық әдісімен жұмыс істей отырып, Канада мен Америкадан әкелінген ангус тұқымды малдың өнімділігін арттырады. Бүгінге дейін аталмыш тұқымды түліктің саны 2750-ге жетіп, 2013 жылғы төл саны 980-ді құрап отыр», - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, жоба жоғарғы сападағы ет сұранысының молдығынан жылдам қанат жаюда.

Айта кету керек, 2010 жылы Ақмола облысына 11,7 мың шет елдік асыл тұқымды мал басы әкелінген болатын.

 

 

 




Яндекс.Метрика