Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Қостанай облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2013 жылы 2,5 млрд теңге бөлінді

Қостанай облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2013 жылы 2,5 млрд тңге бөлінді. Бұл туралы Қостанай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Галина Кисленкова мәлім етті.
Қостанай15 Желтоксан , 00:00

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының төртінші бағытын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы шамамен 2,5 млрд теңге бюджет қаражатын жұмсау жоспарланып отыр. Білім беру мекемелерінің күрделі жөндеу жұмысына 2 млрд теңге бағытталмақ. Олардың қатарында Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таранов, Ұзынкөл аудандарындағы мектептер бар. 

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласына шамамен 160 млн теңге жұмсау жоспарлануда. Шамамен 98 млн теңге Бурабай ауылындағы туберкулезге қарсы шипажайдың шатырына күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге бағытталады. 60 млн теңге Қарабалық орталық аудандық ауруханасының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады», – деді Г.Кисленкова. 

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жарты миллиард теңгеден астам қаражат республикалық трансферттердің арқасында аудан мен қала бюджеттеріне бөлінеді. 

«Оның 200 млрд теңгесі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалса, 60 млрд теңге – кадрларды қайта дайындау және біліктілігін арттыруға, 165 млрд теңегеден астам қаражат – жалақыны субсидиялауға бағытталады. Бағдарлама бойынша жастар тәжірибесінің төлемақысына 87 млрд теңге, 8 млрд теңгеден астам қаржы мамандардың көшуіне субсидия ұсынуға және 2 млрд теңге кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бюджетте қалдырылады», – деді ол.




Яндекс.Метрика