Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

Ақтөбе облысының ауыл, аудан округтерінің әкімдері қайта даярлау курсынан өтеді

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Өңірлік орталығында аудандық маңыздағы қалалар, селолық округтер мен селолар әкімдеріне арналған 1-апталық қайта даярлау курсы өтіп жатыр,деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе04 Қараша , 18:52

«Қайта даярлау курс өткізу барысында келесі сұрақтар қаралып, талқыланады: жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы және  құру шарттарын қалыптасудың мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдарының өкілеттілігін іске асыру тәртібі;  Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық нормативтік актілермен сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруда құқығын жүзеге асыру үшін халыққа жәрдем көрсету; қазіргі кезеңдегі жергілікті өзін-өзі басқаруды  дамуының негізгі бағыттары;   село округтері  әкімдерінің қызметіндегі бюджеттік жоспарлаудың негіздері;   жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеттік қаржыларын және кіріс көздерін пайдаланудың мониторингі  және басқа да сұрақтар», - деп хабарламада нақтыланған.

Қайта даярлау курсты өткізу барысында облыс әкімі аппаратының басшылары, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша  департементі, облыстық басқармалар мен департаменттерінің басшылары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің және С.Баишев атындағы университетінің оқытушылары қатысты.

Курс аяғында тыңдаушыларға куәліктер тапсырылады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика