Ауыл әкімдерін сайлау

Алматы облысында ауыл әкімдерінің кандидатурасын ұсыну ісі аяқталды

Қазақстанда ауыл және қала әкімдерін сайлау науқанына бір айдан аз уақыт қалды. Алматы облысында үміткерлерді ұсыну ісі соңына жетіп отыр. Олардың саны соңғы есеп бойынша 700 адамнан асты.
Алматы13 Шілде , 00:00

Әр орынға үш, кейде бес үміткерден келуде. Яғни, бұл алдағы науқан тартысты өтеді дегенді білдіреді дейді облыстық сайлау комиссиясындағылар.

Қаратал ауданында 9 ауылдық округ пен 1 қалалық округ бар. Мұндағы әкім мансаптарына 30 адам өз кандидатураларын ұсынды. Яғни, әр округке 3 үміткерден келеді.

Ал, жалпы, Алматы облысында 259 ауылдық және қалалық округ бар. Өңір бойынша алдағы науқанда 700-ден астам үміткер өз бақтарын сынайтын болады.  Сайлаудың өзі облыста 7 тамыз күні өтпек. Мамандар науқанды өткізуге сақадай сай.




Яндекс.Метрика