Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстанда маусымдық тұмаумен ауыру 11,3% төмендеді

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері өткір респираторлық вирустық инфекциямен ауырған 308 мыңнан астам оқиға тіркелген, оның ішінде маусымдық тұмау - 5, бұл 2011 жылға қарағанда 11,3% төмен, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Казахстан10 Қаңтар , 00:00

«2012 жылдың 1 қазанынан бастап 308 мыңнан астам ӨРВИ оқиғасы тіркелген, оның ішінде маусымдық тұмау - 5, бұл 2011 жылға қарағанда 11,3% төмен», - делінген ведомство хабарламасында.

Маусымдық тұмау оқиғасы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында тіркелген. Маусым басынан бері тұмауға қарсы 1,3 млн адамға екпе жасалған, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 364 мың бала мен 75 мыңдай аяғы ауыр әйел бар.




Яндекс.Метрика