Ананы қорғау

Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында аналық үшін ең үздік ел атанды

Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында аналық үшін ең үздік ел атанды. Бұл туралы Save the Children халықаралық гуманитарлық ұйымының баяндамасында айттылған. Баяндамадағы деректерге сәйкес, Қазақстан 176 мемлекет арасынан 65-орынды иеленді.
Әлемде06 Тамыз , 00:00

Орталық Азия елдері арасынан бұл тізімге Түрікменстан ілінді (99-орын).

Қырғызстан – 104, Өзбекстан – 105 орында. Save the Children жүргізге зерттеулерге сәйкес, 2010 жылы Қазақстанда 2 000 әйелден 1-еуі көз жұмған. Ал бала өлімі – 5 жасқа дейінгі 1000 балаға шаққанда 11,9 бала көз жұмған.

2013 жылы Солтсүтік Еуропа мемлекеттері тізімде көш бастады. Бірінші орында Финляндия, Швеция, Норвегия, Исландия, ал ондыққа Нидерланды, Дания, Испания, Бельгия, Германия және Австралия кірді.

Соңғы орындарда Африка мемлекеттері, олардың арасында: Чад, Нигерия, Гамбия, ОАР, Нигер, Мали. Соңғы үш орында Сьерра-Леоне, Сомали және Конго Демократиялық Республикасы. Бұл елдердегі бала өліміне негізгі себеп – жұқпалы ауру, ана денсаулығының нашарлығынан баланың ерте туылуы.

АҚШ – 30, Ұлыбритания – 23, Франция – 16, Ресей – 59 орында.

Зерттеу дүниежүзінің 176 мемлекетінде жүргізілді. Рейтингті жасау кезінде мынадай 5 фактор есепке алынды: ана өлімі, 5 жасқа дейінгі балалар өлімі, әйелдердің білім деңгейі, жалпы ұлттық табыс, әйелдердің елдің саяси өміріне қатысуы.

Зерттеуде 2010-2013 жылдар аралығындағы деректер талданды.




Яндекс.Метрика