Ең төменгі әлеуметтік стандарт

ЕХӘҚМ 2014 жылғы төменгі күнкөріс деңгейін анықтады

ҚР Парламенті қарауына «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасы ұсынылды. Соған сай 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі күнкөріс деңгейі 19 966 теңгені құрамақ, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан04 Қараша , 10:45

ҚР Парламентінің қарауында жатқан «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасына сай, 2014 жылы берілетін ең төменгі зейнетақы құны (2014 жылы зейнетке шыққандарға) 20 782 теңгені құрамақ, ал базалық зейнетақылық төлем 9 983 теңге болады. Айлық есептік көрсеткіш 1 852 теңге көлемінде», - делінген хабарламада.

Көрсетілген зейнетақылық төлемді қоса есептегенде максималды кіріс 2014 жылы 72 228 теңге, ал зейнетақы 54 171 теңгені құрамақ.

Сонымен қатар, мүгедектік бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік төлем қамқоршыдан айырылған жағдайға және жасына қарай 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс деңгейінің өсіміне байланысты көтерілмек.




Яндекс.Метрика