Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосыла алады дегенге сеніммен қарау керекпіз

Қазақстанның халқы әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосыла алатынымызға сенуі керек. Алматы облысындағы «Элефтерия» грек қоғамдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Георгий Иорданиди осындай ойын жеткізді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

«Елбасының былтырғы Жолдауын түсіндіру үшін елді мекендерді аралап, сапар жасағандардың бірі – менмін. Жолдау қалай жүзеге асырылатынын іс жүзінде көрсету керектігін атап өткім келеді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында барлық мәселе жеке-жеке айқындалған. Елбасы негізгі мақсат ретінде – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу туралы міндет қойды. Ол елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси көрсеткіштері қандай екенін ескеруіміз керек», - дейді Г.Иорданиди.
Оның айтуынша, «Қазақстан-2030» стратегиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшығымен мерзімінен бұрын орындалды. «Қазақстан 2050» стратегиясына қатысты ой бөліскен грек қоғамдаcтығының төрағасы Қазақстан Республикасының азаматтарына бағдарламаны жете түсіндіру керек деген ойын жеткізді.

«Біз «Қазақстан-2030» стратегиясын игеріп, жүзеге асырдық. Енді биылғы Жолдауды да ел азаматтарына жете түсіндіру керекпіз», - дейді Г.Иорданиди.




Дерекнама

Яндекс.Метрика