Адамзаттық капитал

«Мәдениет» – «Нұр Отанның» үздік бастауыш партия ұйымы (ФОТО)

Астанада «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурс қорытындысы бойынша «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы ірі партия ұйымдары арасында үздік деп танылып, конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.
Астана қаласы 30 Қазан, 20:06

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы партия ұйымдары арасында республикалық конкурстың қалалық кезеңін өткізіп, ең үздік партия ұйымын анықтады.

ҚР МСМ хабарлағандай, бұл конкурстың үшінші кезеңі. Бұған дейін ағымдағы жылдың тамыз-қазан айлары аралығында аудандық және жергілікті кезеңдері өткен болатын. Екі кезең нәтижелері бойынша конкурстық комиссия алты аумақтық филиалдың 16 бастауыш партия ұйымын іріктеді.

Конкурс бастауыш ұйымдардың үш санатында өтті: кіші – 100 адамға дейін; орта – 500 адамға дейін және ірі – 500 адамнан жоғары.     

Бастауыш ұйымдар қызметі келесі негізгі міндеттер бойынша қарастырылды: партия тапсырмасының орындалуы, партия ішіндегі жұмысы, БАҚ-да жариялау, жастармен жұмыс және партия ұйымы басшысын бағалау.  

Конкурс қорытындысы бойынша ірі партия ұйымдары арасында «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы үздік деп танылды. Оның құрамына 506 адам кіреді, оның ішінде – танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, белгілі спортшылар, музей, мұражай, кітапхана қызметкерлері және басқалар. 

Өз ұйымымен таныстырған «Мәдениет» БПҰ төрағасы Қуатжан Уәлиев бастауыш партия ұйымының атқарға жұмыстарымен толық баяндады. 2014-2015 жылдары «Мәдениет» партия ұйымы тұрғындар арасында көптеген игі істер атқарды. Олардың қатарында «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы, «Бақытты балалық шақ» қайырымдылық акциясы, жыл сайын өтетін «Мектепке жол» акциясы, «Сәтті қадам» жобасы, «Қан тапсырып – өмірді сақтап қал» акциясы және басқалар бар.

Конкурс Астана қаласының үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтап қана қоймай, олардың партиялық жұмыстарын аймақтарға тарату үшін олардың тәжірибесін зерттеуге, қалалық бастауыш партия ұйымдарының белсенді өкілдерінен партиялық кадр резервін қалыптастыруға көмектесті.   





Дерекнама

Яндекс.Метрика